Фото: ашық дереккөз/aqkerbezm

«Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.

Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!