Фото: жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында некесіз қызына көлік пен үй сыйлаған танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғаның 26 жасқа толу туған күнін дүркіретіп ұйымдастырып берді.

«Бүкіл люкс брендтерді сыйлады. 2 дана iPhone 16 pro max берген. 1 миллион теңгедей ақшалай сыйлық жиналыпты. Ат салысқан достарыма мың алғыс! Даридың өзіне де қатты ұнады. Ес жиып алайық, содан кейін бәрін саламыз. Сыйлықтарды да ашып көрсетеміз», – деді Дархан Жолшыбеков. 

Әйеліне елде болмаған туған күнді жасау үшін Дархан Жолшыбеков 60 млн теңге жұмсағанын да айтты. Тіпті туған күн иесі үшін биіктігі 2 метрге жуықтайтын зәулім сарайға ұқсас 20 млн теңгенің торты әзірленген. Ал бұның алдында ол әйеліне 150 млн теңгенің темір тұлпарын сыйлаған еді.

Туған күнге келген қонақтар да жай адамдар емес. Туған күнді Нұрлан Сабуров басқарды. Ал оның гонорары шамамен 20 млн теңгені құрайды. Одан бөлек қонақтардың қатарында қазақ эстрадасының жұлдыздары Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Мәдина Сәдуақасова, т.б. төбе көрсетті.

Блогердің оқырмандары миллиондар жұмсалған туған күннің деңгейіне таңғалып, қызу талқыға салды.

«Құтты болсын туған күнің», «Өмір емес ертегі ғой сенікі», «Президенттің туған күні мұндай боп өтпеген шығар», «Жерден мұнай тауып па, банк тонап па, бірдеңе бүлдіріп жүрген жоқсыңдар ма осы сендер?», «Осы ма 60 млнға жасаған туған күндерің?», «Тексеру керек мыналарды. Нереально ақша», – дейді олар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!