Танымал блогер Zheka Fatbelly желідегі парақшасында сүйіктісімен неке қию сәтінен видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/zheka_fatbelly

Бойдақтықпен қоштасқан блогер Жеңіс Омаров сүйіктісімен заңды некеге тұрды. 

“Ресми түрде ерлі-зайыптымыз. 15.08.2023. Қазақ еліне +1 отбасы”, – деп жазды Жеңіс Омаров.

Алайда ол неке жүзігін тағуға қарсы болған.

“Жүзікті еш қажетсіз дүние деп ойлайтынмын, таққым келмейтін. Бірақ өзіме ұнайды. Бұл сенің жаңа өмірге қадам басқаныңның белгісі іспеттес”, – дейді блогер.

"Неке жүзігін таққым келмеді": Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды негеге тұрды

Сондай-ақ ол өзімен танысқысы келген қыздарға неке жүзігін көрсетіп, бетін қайтаратынын айтып, әзілдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін блогер сүйіктісіне 2000 дана раушан гүлін сыйлаған болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!