Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырзаның ұлы Әлішер қаза болған еді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Тамара Асар күйеуінің бірінші некесінен туған марқұм ұлы Әлішерге арнап жазба жариялады.

Өнер иесінің жоқтауы желі қолданушыларын жылатты.

«Өндірдей болған өрен-ау,
Бауырыма басқан "бөлегім".
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлең-ау?..
Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы,
Жүрегіме толды-ау құйылып.
Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда? 
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да.
Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз "өгей" десе де,
Қайырын сұрап отырмын», – деп жазды әнші.

Жазбасында Тамара Асар марқұм баланың естелігіне тоқталып, оның рухына дұға бағыштады. Әнші сондай-ақ қайғы кезінде демеу болған жандарға ризашылығын білдірді.

«Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, ауыр сәтте демеу болған әр жанға бас иіп рақмет айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ. Артының қайырын берсін, жастар аман болсын!», – деді эстрада жұлдызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!