Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуінің жүрегін жаулауға тырыспағанын айтты. Керісінше Райымға өзінің кемшіл тұстарын көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сауалдарына жауап берді.

“Райымның жүрегін қалай жаулап алдыңыз?” деген сұраққа әнші: “Жаулайтындай дым істемедім. Керісінше, бар кемшілігімді, бар жаман мінезімді, көкбеттігімді көрсеттім. Сонда да “жақсы көремін” деп тұрып алды. Есесіне қазір майдай жұмсақпын. Бар жағдайын жасаймын. Қатты сұйемін. Өтірік мінсіз болуға тырыспаймын. Өйткені, жынды екенімді біледі. Қыздар, сондықтан сіз жігіттің емес, жігіт сіздің жүрегіңізді жауласын. Ұмытпаңыздар”, – деп жауап берді Ерке Есмахан.

Көпшілік ерлі-зайыптыдан сүйінші хабарды естуге асық. “Айналайын Ерке, Райымға перзент туып берші” деп жазыпты. Ерке бұл сауалға: “Болды, апа. Тапсырысыңыз қабылданды. Алла бұйыртса, тоқтамай туамын”, – деп әзілмен жауап берді.

"Өтірік мінсіз болуға тырыспаймын": Ерке Есмахан Райымның жүрегін қалай жаулағанын айтып берді

Сондай-ақ Ерке Есмахан желіге той көйлегімен түскен суретін жүктеді.

“Әлеміме сен келдің…Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!