Танымал әнші, композитор Балжан Бидаш тыңдармандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көктемде әнші әзілкеш, актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып, өнерге түбегейлі бет бұрған еді.
“Құрылыс тақырыбына кірмегелі біраз болыпты. Не істеп жатыр деп ойлайсыздар? Жалдамалы пәтерімді тапсырып, өзіміздің жер үйге көшіп келдім. Біраз уақыт шетелге кетем деген жоспар болып тұр, сондықтан заттарыммен түгел келдім. Бәрі шетелге кет деп жатыр. Оқырмандарымнан қолдау күтемін. Шетелден контент дайындаймын. Жаңа бөлмеме құрылыс жұмысын бастадым”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесінің оқырмандары әлі күнге дейін жолдасымен қосылатынын тілеп жатыр. “Жаңа жылда Жаханмен бас қоссаңыз жақсы болатын еді”, “Қазір Жаханның денсаулығы жоқ, аяп кетемін” деген оқырмандарына әнші жауап берген жоқ. Сондай-ақ Балжанның өнерін қолдап, жаңа ән күтетінін де тыңдарманы аз емес екен. “Балжанға өнердің аурасы жетпеді. Жахан өнерін тұншықтырып тастады”, “Ол – сахнаның адамы” деп жазып жатыр.
Еске салайық, әншіні бала күнінде жылан шағып алғанын жазған болатынбыз
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!