Q-pop бағытының негізін қалаған атышулы “Ninety one” тобының мүшелері топтың тарап кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жігіттердің оқырман сұрақтарына жауап беріп жатқан видеосы тарады. Отырыс барысында топтың болашаққа жоспары туралы да мәселе қозғалды. “Ninety one-дық” жігіттер белгісіз мерзімге демалысқа кетпек.
“Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те, бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін”, – деді топ мүшесі AСE.
Мұны естіген топ жанкүйерлер топтың тарамауын сұрап, наразылық білдірді.
“Жүректі ауыртты ғой”, “Тарамайды деп үміттенемін”, “Тараймыз деген сөзден соң неше рет жыладым”, “Тарамаңдаршы”, “Сіздер керексіздер”, – деп пікір қалдырды Eagles-дар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!