Фото: Instagram/aliokapov
Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов желіде азулы жазба жариялап, өнердегі әріптестеріне өкпесін жеткізді. Өнер иесі жақын араласатын жандардың жұмысқа келгенде жауапкершілікті ұмытып кететініне күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әли Оқапов әріптестеріне деген өкпе-ренішін Instagram парақшасында білдірді.
«Жақсы адам деген мамандық емес екен. Мен өзіммен қызметтес жандардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысамын. Бірақ осы достықтың кесірінен сол адамдар «Өзіміз ғой» деп маған келген жауапкершілікті ұмытып кетеді. Бұл маған мүлдем ұнамайды. Меніңше, «өзіміз ғой» дегендерге керісінше барлығын жақсы жағынан жасауға тырысу керек. Қысқасы, кейде қашықтық сақтап, қажет кезде талап ете білу керек екен. Бұл жай ғана бизнес», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасын қызу талқылап, оның кімге арналғанын біле алмай әлек болды.
«Саудада достық жоқ деген сияқты ма? Иә жылы сөйлесең, көңіліне қарасаң басыңа шығады адамдар. Арасында қаттылық та керек», «Өте дұрыс айтылған, қызметтің аты қызмет», «Ақкөңілсің ғой, Әли», «Бұл сөздер кімге арналған екен?», «Әли кімді меңзеп отыр екен», – деп жазуда көпшілік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!