SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Роза Әлқожа мен жұбайы Айдын Қаба биыл шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толуына орай күміс той өткізбек. Өнер иесі мерейтойын тек жақындарымен атап өтуді жоспарлап отыр.

Әншінің айтуынша, жолдасы 45 жасқа толып жатыр. Осыған орай отбасы мүшелері ақылдасып, құдандалы, ағайын-туыстың басын қосу туралы шешім қабылдаған.

«Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар. Қызық-қуанышымыз мол болсын дейік. Айекең елге абыз ақсақал, қадірлі қария болсын деп тіледік. Тойға келе алмағандар біздің Roza Alkhoja YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Сілтемесін бөлісеміз. Қалыңдық көйлегін Аида Кауменова тігіп жатыр», — деп жазды Роза Әлқожа әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары жұпқа ыстық ықыласын білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!