Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы мен балаларымен және ата-анасымен фотосессия жасаған. Ұлттық стильде киінген хитменнің отбасы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали суретті Instagram-дағы парақшасында жариялап, халыққа жыр жолдарын арнады.

«Ассалаумағалейкум, айналайын, ағайын! Бұл әдемі суретті тілек жазып салайын. Ниеттерің ақ болсын, наурыздың ақша қарындай. Бастарыңа бақ қонсын, шашыңның барлық талындай. Санасы өсіп адамның, көңілде кір қалмасын. Құты қашып жаманның, жақсы тапсын жалғасын. Тыныш болсын даламыз, түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз, тұнық болсын суымыз. Қатыгездік жоқ болсын, оралмасын кез өгей. Кірісіміз көп болсын, наурыздағы көжедей. Қабыл болсын Ораза, жасыңменен кәріңе, ТТТ-ның отбасы, бақ тілейді бәріңе», – деп жазды Төреғали.

Суреттен әншінің ата-анасын, жұбайы Толқынды және Төреғалидің бес баласын көруге болады.

Желі қолданушылары Төреғалидің отбасына сүйсініп, жарыса жылы лебіз арнады.

«Аман болыңыздар», «Тіл-көзден сақтасын», «Ұрпағыңмен мың жаса», «Кенже балаңыз анаңызға ұқсайды екен», «Қандай күшті отбасы», – деді желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!