Фото: Видеодан алынған скрин
KAZINFORM – Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты Қайрат Нұртастың бұзақылық ісі бойынша үкім шығарды.
Танымал әнші 15 тәулікке қамалатын болды.
Бірақ Қайрат Нұртас 15 тәулік мерзімін тағы да қысқартуға мүмкіндік сұрауда.
Еске сала кетсек, «Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған еді.
Бұған дейін сот отырысының қалай өткені баяндалған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!