Фото: жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлзира Айдарбекқызы Қайрат Нұртастың концерті Атырауда өтпей қалғаны үшін Атыраудағы ұйымдастырушыларды кінәлайды.

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекқызы instagram парақшасында хабарлады.

«Құрметті Атырау қаласының қонақтары және тұрғындары! 17.07.2024 жылы Атырау қаласы «Махамбет» драма театрында өтуі тиіс Қайрат Нұртастың концерті өтпейтін болды. Себебі, ұйымдастырушының кесірінен концерттен бас тартуға тура келіп отыр. Билеттеріңіздің ақшасын сол компаниядан қайтарып алсаңыздар болады.

Қайрат Нұртас және оның командасы концертке дайын екенін ұйымдастырушыға хабарласып айтқанда ол кісілерден кері байланыс ала алмадық. Сіздерден туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз» деп жазды Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!