Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы күйеуін тиран дейтіндерге жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Толқынның оқырмандарының бірі хат жазған.
«Толқын, ақыл үйретіп отырған сенсің. Жолдасың қанша рет сені ұрды, қорлады, бәріне төздің, себебі онсыз қаржылық жағынан күйрейтініңді білесің. Бірақ басқа, бақытты жолды таңдауыңа болар еді, ажырасып, Алладан өзіңді тиран күйеуден босатуды, лайық ер-азаматпен тыныш өмір беруді сұрай алар едің», – деп жазған ол.
Толқын бұл хатқа қатысты ескерту айтатынын жеткізіп, қыздарды сырттан тон пішпеуге шақырған.
«Қыздарики, менімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазатындарды оқығанда, таңғаламын кейде… Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде ешқашан шын мәнісінде біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей, пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуіне шыдасын демеймін, бірақ күресудің әртүрлі жолы бар. Шын мәнінде Алла біздің ниетімізге жеткізіп қояды. Алладан сұрауды, Алла үшін мүмкін емес нәрсе жоқ екенін жеткізгім келеді. Уақытысы келгенде біраз ақиқатты білгенде, өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен… Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы… Алла мейірімді ғой, уақытымызды, күшімізді құртуға емес, сақтауға жұмсайтын болсақ, басқа қоғам қалыптасар ма еді? Әрине, бәрі өзімізден басталады», – деп жазған ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!