Фото: жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың отбасы болғанына 20 жыл толған.

Бұл туралы әншінің жары Мархабат Беспаева жазды.

«Бүгін бізге 20 жыл! 8.07.2004-8.07.2024

Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы.

Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын.

Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда Ин шаа Аллаһ!», – деп жазды Мархабат Беспаева.

Жазбаның астында әншінің тыңдармандары жылы лебізін білдіріп, құттықтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!