Фото: instagram.com/symbatabaikyzy
Әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты әншінің қыздары желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Ақтау қаласында әлі 17 жасқа да толмаған қызға сырға салынып, ұзатылды. Жас қыздың ерте тұрмысқа шығуы бірнеше күннен бері желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсуде. Көпшілік қыздың тым ерте тұрмысқа шығуын сынға алса, енді бір топ жастардың шешімін құрметтеу қажеттігін алға тартып, екі жасқа бақыт тілеуде.
Ал әнші Абай Бегей бүгінгі сырға салу рәсіміне қатысқан жоқ. Желідегілер бұған қатысты да сан түрлі пікірлер жазуда.
«Абай Бегей Алматыда тойда өлең айтып жүр ғой, қызының тойына қатыспай», «Папасы қайда?», «Әкесі көрінбейді ғой, сонда қызды кімнің үйінен ұзатып жатыр?», «Неге әкесінің батасын алып барып кетпеді?» сынды пікірлер жазылған.
Ал Абай Бегей парақшасында қызының беянебаянын жариялап, астына «Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет!» деген жазба қалдырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!