“Қойшы бала” арқылы танымал болған әнші Айдос Кәден тағы да продюсермен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әнші Жігер Ауыпбаевтан да кетіп, Қанағат Меченбайдың продюсерлік орталығына барған еді. 

“Құрметті қазақ елі! Қойшы баламен не болды деп сұрап жатқандарға айтарым бар. Айдос енді өз бетінше жұмыс істейді. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Қаншама тапсырыстарымыз қалды. Енді өзі жұмыс істеп көрсін. Мен Айдосты жіберейін деп тұрмын. “Қойшы баланың” продюсері емеспін. Ең бастысы, аман болсын! Адам болсын! Менің де жеке шығармашылық жолым бар. Сондай шешім қабылдадым”, – деп мәлімдеме жасады Қанағат Меченбай.

Еске салайық, Айдос Кәден экс-продюсері Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жасырмаған еді. 

“Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен “болдым, толдым” деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды», – деп жазды жас әнші. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!