«Қоңыр» тобы. Фото: instagram.com/serikbaev4514

«Қоңыр» тобының мүшесі Жазира Қошанова кезінде тұрмысқа шығамын дегенімен, сол күйі босаға аттамағаны белгілі болды. Бұл жайлы оның әріптесі Бауыржан Асанбаев «Қызықты weekend» бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Жазира бізде он жыл қызмет етті. Сосын рұқсат сұрап, тұрмысқа шығатын болды. Солай жарияланды. Алайда тұрмысқа шыққан жоқ. Жігітімен көңілі жараспаған сияқты. Жеке өмірін қатты зерттеп, сұрамадым. Жеке өміріне араласа алмаймын ғой. Бірақ бір сұрағанымда, көңілі жараспаған сияқты. Малайзияда бірнеше жыл жұмыс істеп, қайта келген жайы бар.

Біздің Гүлзат қызымыз тұрмысқа шығып, декреттік демалысқа кетті. Осы кезде өтініш жасап, Жазираны топқа қайта алдық. Сонымен қатар жеке мектепте музыкадан сабақ береді», – деді Бауыржан Асанбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!