Танымал актриса, музыкант, блогер Айжұлдыз Адайбекова анасы Жанар Айжановаға қымбат брендтен сыйлық алып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейінгі кезде актриса отандық театр сахналарында бой көрсетіп жүр. 

“Адамның өміріне 2 періште беріледі екен. Ол – мама және папа. Режеп айын жақсы істен бастауды жөн көрдім. Ата-анаңды қуанту үшін саған мейрам да, туған күн немесе ерекше уақыт керек емес. Сенің ең қадірлі қолыңда тұрған дүниең – уақыт. Маңызды емес, қандай сыйлық түрі: уақыт өткізу, тамақ дайындап беру, гүл сыйлау, жәй ғана сөзбен махаббатыңды жеткізу, материалдық дүние алып беру. Бәрі де жақсы. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз! Мам, мен сізді жақсы көремін”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары актрисаның ұлын анасы бағып отырғандықтан, жиі сыйлық беруің орынды десіп жатыр. Өз кезегінде Жанар Айжанова да немересін қызынан қызғанып қалатынын жасырмай айтып жүр. 

“Қазір қызымның баласын бағып жатырмын ғой. Қызым келе жатқанда «ақ мамаң келе жатыр» деп айтамын. Ал үйде немерем ұйқыға кеткенде қызым баланың қасына жатады да, мен аулақ кетемін. Сонда немерем анасының қойнына кіріп, иіскелеп, пысылдап жатады. Қызғанады екенсің. Жаман болып қаламын. Әжелерді енді түсініп жүрмін. Біздің халқымызда немересіне жанын беруге дайын тұратындай мейірім барын мақтанышпен айтуға болады», деген еді Adal adam youtube арнасына берген сұхбатында. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!