Танымал әнші Балжан Бидаш анасының туған күнін атап өтті. Өнер иесі дүниеге әкелген анасына қымбат сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: stan.kz
Өнер иесі анасының туған күні екенін дәл тапқан оқырманына ақшалай сыйлық беріп қуантты.
“Достар, бүгін мен үшін ерекше күн. Анашымның туған күні. Перзенттік парызымды өтей алмасам да, қолымнан келгенше қуантқым келеді. Оқырмандарыммен бірге сыйлық таңдайық”, – деп жанкүйерлерін қызықтырып қойды.
“Бағасы 600 мың теңге тұратын спорттық үлгідегі аяқ киім сыйладым. Анам”101 жасқа толғанша киемін” деді. Сол күнге жеткізсін. Қандай жетістігім болсын осы ата-анамның қолдауының арқасы. Тәрбие, білім, ақыл, еркіндік, таңдау бергендеріңізге рахмет! Тек ата-анаға қарыз болайық! Армандарыңызға жетіп, аналарыңызды қуанта беріңіздер. Бірақ оларға біздің бір телефон соғып внимание бергеніміз де жеткілікті болуы мүмкін. Жұғысты болсын сүйікті оқырмандарым”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншісінің анасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!