Мақпал Исабекова. Фото: instagram/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова осыдан үш жыл бұрын күйеуіне тұрмысқа шығуға келісім берген болатын. Ал кеше өнер иесі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтып, тыңдармандарына қуанышымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялаған.

«14 ақпан күні маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. 2022 жылы 14 ақпанда мен ұлыма аяғым ауыр екенін хабарладым. Ал 2023 жылы 14 ақпанда мен Теодорды таныстырдым. Дәстүрді өзгертпедік. Осылай. Пікір жазып, қуанышымды бөлісе аласыздар», – деп жазды әнші.

Видеодан әулие Валентин күніне дайындалған әншіні көруге болады. Сонымен қатар Мақпал Исабекова өсіп қалған ішін де көпшілікке көрсеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!