Фото: Подкастан скриншот
Ерекше дауыс иесі, әнші Наркенже Серікбаева жеке өмірі туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Пікір Like подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйеуінің қазасынан кейін, араға аз уақыт салып, өнер иесі сахнаға оралды.
“Қайғылы жағдайдан соң ішімде алпауыт күш пайда болды. Оны ешкімге айтып жеткізе алмаймын. Қандай сынақ болса да шыдаймын деп жүретін едім. Жолдасымның өлімі маған оңайға соққан жоқ. Қазір ішімде алай-дүлей. Жылауға уақытым жоқ. Бүгін бар адам – ертең жоқ. Сондықтан бәріне де үлгергім келеді. Махаббат жолым болды дей алмаймын. Оны жасырып не істейін. Қанша рет Меккеге барып келіп жатырмын. Бәрібір Алладан күдерімді үзбеймін. Шүкір, халықтың махаббаты шексіз. Аман-есен жүргенім халықтың батасының арқасы деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды әнші.
Сонымен қатар, алғашқы некесінің де сәтсіз болғанын айтып, көз жасына ерік берді.
“Әркімнің тағдыры әртүрлі. Өзім де ажырасқанмын. Дәл қазіргі ақылым мен түсінігім болса, бірінші қызымның әкесінен ажыраспас едім. Еш адамның өміріне килігуге жоқпын. Екінші жолдасым қайтқаннан кейін, “жалғыздық құдайға ғана жарасқан, бір басыңды екеу қыл” деп ақыл айтып жатқандар бар. Бұл – мен үшін қиын әрекет. Жүрегімнің түбіндегі махаббат. Мен адамға шынайы беріліп кетемін бе, ер-азаматқа барымды беріп қоятын сияқтымын. Бірден ақтарыламын. Бірақ сол өзіме таяқ болып келе береді. Мен негізі ер-азаматтың жанын жақсы түсінемін. Үмітім бар, біреу келіп сөз салса екен деп айта алмаймын. Ешкімді күтіп жүрген жоқпын. Бірақ одан да үмітімді үземін деп айта алмаймын. Алла маған қандай сый дайындайды, соны қабылдаймын», – дейді әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!