Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін елімізде Кеншілер күні. Жеті қат жер астына түсіп, кен өндіретін аймақтарда мереке тойланып жатыр. Сондай өңірдің бірі – Ұлытау облысына қарасты Қаражал қаласы. Ауыр кәсіп иесі кеншілердің кәсіби мерекесіне ортақтасып келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева облыстағы жол сапасын сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қаражалға қуана-қуана келдім. Түні бойы жол жүрдім. Ұйықтаған жоқпын. Оның үстіне жолды бұл жақтың жолын білесіздер. Секіріп-секіріп әзер жеттік. Жолды жөндеу керек, бастықтардың құлағына алтын сырға. Мен жарайды, анда-санда бір келемін. Ең бірінші сіздер ғой сол жолмен жүретін», – деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Қаражал кенті қазір Ұлытау облысына қарайды. Облысты Берік Әбдіғалиұлы басқарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!