Әнші Роза Рымбаева ресми түрде сахнамен қоштасуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева осындай тосын мәлімдеме жасады.

«50 жылдық есеп беру концертіме дайындалып жүрмін. Сол концерттен кейін, мүмкін, ресми сахнамен қоштасармын. Ондай ойым бар. Ал анда-санда үлкен концерттерге шығып тұруға әрқашан дайынмын», – деді әнші «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Роза Рымбаева – қазақ музыкасының айнымас символы, халықаралық байқаулардың лауреаты. Елу жылға жуық ғұмырын киелі өнерге арнаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!