Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өнер иесі тұңғышы Әділетті үйлендірмек. Тойға дайындық үстінде ол қонақтар тізімін жасап жатқанын алға тартты.
Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі «келемін» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе кім нақты келетінін анықтау екен.
«Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!» деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте мен түсіндім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?! – деп жазды әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!