Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кино түсірмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хамитов тіпті киноның сценариін өзі жазып, актерлік құрамын да өзі таңдамақ.

«Иә, бұл шындық: келесі жылы көктемде өзімнің алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын.
Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де жеке өзім таңдаймын және жобаның қаржылық жағын толықтай өз мойныма аламын.
Бұл фильм мен үшін жай ғана дебют емес — мен оның қазақ кинематографиясына жаңа леп әкелгенін қалаймын. Қыздар, егер мен сізге жазсам, демек сізді рөлге қарастырып жатырмын», – деп жазды спортшы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!