SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына сахналық костюмін сыйлады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі Ақтөбе өңіріне гастролдік сапармен барды. Сол кезде әнші сахналық киімін мүгедектігі бар балаға сыйлады. 

“Мына жерден қатты ыстықтап кеттім. Бір жағынан жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым. Ішім шығып, киімдерім дұрыс киілмей жүр. Осы сыртқы киімімді мына залда отырған бауырыма сыйлағым келіп тұр”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын талқылап жатыр. 

“Қайрат керемет адам”, “Өнерлі жігіттің жолын берсін”, “Мүгедектігі бар адамға киім емес, ақша бер”, “Мына жігіт аяғына тұрып кетсін”, “Қандай ақкөңіл адам”, – деп жазды көпшілік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!