фото: видеодан скриншот
Әйгерім мұндай сыйлық күтпегенін айтып, ата-енесіне алғыс білдірді. Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ортаншы келініне тосынсый жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасына отбасындағы бақытты сәттердің бірін бөлісті: ол ортаншы келіні – ұлы Аянның әйелі Әйгерімге күтпеген сыйлық жасады.
«Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: “Балам, ата сыйласаң алдыңа келеді” деп. Сол айтқандай, ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым.
Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын», – делінген жаңалықтың жазбасында.
Әйгерім мұндай сыйлық күтпегенін айтып, ата-енесіне алғыс білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!