SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесер тойында күтпеген жайт жұрттың қызу талқысына түсті. Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева сәбидің тұсауын көк шөппен кесіп, әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды.
Видеоға қарағанда, Динара Майғазиева дәстүрлі ала жіп не болмаса қойдың ішегінің орнына көк шөпті алып, сәбидің тұсауын кесіп, ізгі тілек айтқан.
«Тұсауың кесілген сәттен бастап өмірің гүлдей құлпырып, бақытқа толсын. Әрдайым ибалы да инабатты қыз болып, ата-анаңның үмітін ақтап, елдің сүйікті аруы бол!» – деп тілек білдірді блогер келіншек.
Алайда бұл әрекет көпшіліктің көңілінен шықпады. Желіде түрлі пікір жазылды:
«Тұсауды артқы жақтан кесу керек», «Ішектен өріледі, шөппен емес», «Танымал адамдар дәстүрді бұрмалап жүр», «Көк шөппен кескенді бірінші рет көріп тұрмын», «Гүлмен кескені несі, ала жібіміз бар емес пе?!».
Көпшілік ұлттық дәстүрді сақтауда мұндай еркіндікке жол бермеу керек екенін айтады. «Ата-бабамыздан келе жатқан салтты сән үшін өзгерту – дұрыс емес» деп жазғандар аз емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!