Халық әртісі Мақпал Жүнісова 21 жастағы суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Семейдегі концертке қатысқан.
«Семей өңірінде Шопандар тойында, ішінде екі Халық артисімен марқұм Жәнібек Кәрменов және Қайрат Байбосынов. Мен ол кезде жас әншімін, 21 жаста едім. Суреттер сыр шертеді деген осы», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің суретіне сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Иә, Шұбартауда болған шопандар тойы. 1986 жыл», «Кеңес одағы кезінде осылай өнер адамдары малшы ауылдарды аралап концерт қоюшы еді», «Қандай мейірімді, қарапайым заман болған. Сіз сүп-сүйкімді, жап-жас, сұлу кызсыз!», «Біздің ауылға келдіңіз. Клубта концерт болып, бардық. Шашыңыз керім әдемі екен сонда, жалтырап тұрды. Үш-төрт оқитын кезім», «Шіркін, қайта айналып келмейтін жастық шақ. Кішкентай болып қандай батыр болғансыз», – деп жазды желі қолданушылары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!