Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақында шыққан криминал фильміндегі оқиға желісі өзінің басынан өткенін «Замандас» арнасына берген сұхбатта айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, фильм басынан өткен оқиғалар желісіне құрылған.

«Отбасылық өміріміздің немен аяқталғанын бүкіл ел жақсы біледі. Тіпті, ол оқиға ұмытылған жоқ. Фильмге кейбір басымнан өткен оқиғаларды қосқаным рас. Бірақ ол менің тұтас автобиографиялық өмірімнен алынды деген сөз емес. Фильм – фантастика емес. Ондағы барлық диалог, стиль сол заманда болған. Біздің заманымызда сондай жігіттер үлкен беделге ие еді. Оларды басқа студент жігіттермен салыстыра алмайсың. Оларда ақша да, соңғы үлгідегі киім де бар. Ең қымбат көлікпен жүрді. Ал оның бәрі біз секілді студент қыздарға таңсық еді. Олардың қолындағы заттар дүкенде сатылмайтын. Бір күні сондай «бандит» жігіттің бірі маған бір қорап шоколад әкеліп берген. Қатты таңғалдым. Ол кезде бір түйір шоколад жесең, мәз боласың. Сол моментті фильмге кіргіздім», – деп ағынан жарылды продюсер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!