фото: kun.kz
Желі қолданушылары блогерге сәттілек тілеп, жақсы сөздер жазды. Көп жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген белгілі блогер Елдос Қадырханов ауыр ота жасатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер желідегі парақшасыда видео жариялап, отаның сәтті өткенін айтты.
«Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден «өкінішке орай» деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік», – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогерге сәттілек тілеп, жақсы сөздер жазды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!