Фото: жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстрада жұлдызы туған күнін отбасымен бірге өз шаңырағында атап өтті.

“Мен дәл қазіргі өмірімді бұрын армандадым, елестеттім, сол үшін еңбек еттім. Ал қазір қарап тұрсам, Алла менің сұрағанымның бәрін үйіп-төгіп молынан беріпті. Сансыз шүкір! Туған күніңмен, Ерке Есмахан», – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, өнер иесі туған күніне сыйлықтар ала бастағанын айтқан еді.

“Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын», – деп жазды әнші. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!