Фото: https://vk.com/erke_esmahannn
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық бюджетке қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, ақыл-кеңес берді. Эстрада жұлдызы үйінде ақшаны кім ұстайтынын ашық айтты.
«Негізі сіздерге сол қызық? Маған мысалы біреудің үйінде ақшаны, бақшаны кім ұстайтыны мүлдем қызық емес екен. Ондай нәрсеге неге энергия құртасыздар? Қызық болса айта кетейін. Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм. Бірақ мен ақша сұрамайтындай картамды толтырып қояды», – деп жауап берді Ерке.
Сондай-ақ өнер иесі “Темекі шегеді екен” деген әңгіменің қауесет екенін айтты.
“Мені кім не демеді, не істемеді демеді. Өмірімді жиі талқылайтыны сонша, неше түрлісін қосып айта береді. Ерке еркек екен десе де таңғалмаймын”, – деп жауап берді өнер иесі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!