Коллаж: Ulysmedia

Тик Токтың тікелей эфирінде Қойшы бала атанған әнші Айдос Қаден бұрынғы продюссері Жігер Ауыпбаев жайлы екіұшты пікір айтқан. Әншінің көңіліне сол сөз тиіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

— Ол (Жігер Ауыпбаев) мені атым шығып, таныла бастаған кезде алып кетті. Ауылда танылмай, қой бағып жүргенде алып кетсе, онда дұрыс еді, – дейді сөзінде Қойшы бала.

Жігер Ауыпбаев осы сөзді естіп, көңілі бұзылғанын білдірген.

— Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін. Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Су ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп Тик Токтың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын, – деп жазды Жігер.

Әнші Айдос Қабден жайлы айтар болса өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқатынын жеткізген.

– Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой,– деп жазды Жігер Ауыпбаев Тик Ток желіcінде.

Әнші Жігер Ауыпбаев өзі сахнаға шығарған «қойшы баламен» араласпай кеткенін хабарлаған еді. «Бала қазір өтпелі кезеңде жүр» дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!