Мерейлі 50 жасын дүркіретіп әріптестерімен атап өткен Баян Мақсатқызы сыйлық пен гүлдің астында қалды. Қазақ эстрадасына бірнеше жұлдызды қосқан продюсердің шәкірттері қымбат сыйлықтар тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жарына дайындаған сыйлықтың үлгермей қалғанын айтып өкінді.
“Баянға бәрін сыйлап қойғанмын. Өкінішке орай, мерейтойына сыйлығым келіп үлгермей қалды. Шетелден машинаға тапсырыс беріп қойғанмын, ақпан айында келуі керек. Бағасын айтпай-ақ қояйын, бірақ арзан тұрмайды. Өзіне жарасатын өте әдемі сыйлық болмақ.
Одан кейін Баянның арманы – Ресей әншісімен ән айту еді. Арманын орындадым. Тойдың ең құрметті қонағы болды”, – деп ағынан жарылды жолдасы.
Сондай-ақ басқа қонақтар да туған күн иесіне құр қол келмегендерін айтты. Продюсердің қызы Айсәуле анасының нені жақсы көретінін де айтып қалды.
“Анамның ыдыс-аяқтарға деген махаббаты ерекше екенін білемін. Соңғы үлгіде шыққан ыдыс-аяқ жиынтығын әкелдім. Өте әдемі. Сөзсіз ұнайды”, – дейді Айсуле Бақытбек.
Одан кейін блогер мен әншілердің дені ақшалай сыйлықпен келген. Блогер Бейбіт Әлібеков бренд белбеу сыйласа, әнші Айша Байбосынова миллион теңгеден жоғары ақшалай сыйлық әкелген. Актриса Альмира Тұрсын тұпнасқада бейнеленген картина сыйлаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!