Жастар арасында NNN лақап атымен танымал Нұрдәулет Бектұрсын “Мархабат” бағдарламасында өз үйін сатып, пәтер жалдап тұрып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
«Айына 2 миллион теңге төлеймін. Алдында 6 миллион теңге деп айттым, бірден үш айға төледім. Өз үйімді саттым. Негізі 2 миллионды жинап өзім сатқан үйді ғана ала аламын. Ал менің қазір тұрып жатқан үйім 500 мың доллар тұратын үй. Мен 500 мың доллар тұратын үйді сатып алғанша, ол ақшаны өзіме инвестицияға құяйын, көлік алайын, контент жасайын немесе бағдарлама түсірейін. Есесіне мен құны 250 миллион үйде тұрамын. Қазіргі пәтерім өзім шығармашылық адам болғандықтан өте кең. Жер үй емес”, – дейді Нұрдәулет.
Блогер сәтсіздікке ұшырап, тақырға отырып қаламын деп қорықпайды.
“Өмірде ештеңеге кепілдік жоқ. Бәріне «Үйіңді сатып, 2 миллион теңгеге пәтер жалда» деп айтпаймын. Мақсатым: өз жұмысыма инвестиция жасау, өзіңе сену дәне тәуекел ету. Иә, мен сәтсіздікке ұшырап көлігіме бірдеңе болып қалуы мүмкін, пәтердің ақшасын төлей алмай, шығарып жіберуі мүмкін. Бірақ мен өзіме сенемін, ары қарай жұмыс істей аламын, өз жұмысымды, кәсібімді білемін. Сондықтан соған инвестиция жасадым», – дейді танымал блогер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!