Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ме?!
Фото: Видеодан кадр
Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева мәҺрге құны қымбат сыйлық сұрайтындарды сынға алды. Ол бүгінде «МәҺірдің жігіттердің соры болғанын» жасырмай айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер осы орайда жас қыз-келіншектерге өзгенің салтын дәріптемеуге шақырды.
МәҺір деген жігіттердің соры болды. Алдымен соны алу үшін еңбегің сіңді ме?! Есеппен байға тиесіңдер ме?! Адам саудасынан қалған өзгенің салтын дәріптемеңдер! Қазақ бала көтерсе, туса әйелді өз сатысымен көтеріп отырған міне саған мәҺір! Еркек те адам! Ол асырасын деп дінді сылтауратып жатқан да, өзім асыраймын отыр, – деп қатынын көлеңкесінен қызғанып жүрген де есалаң! Қоғаммен араласы жоқ әйелдің балалары болашағымыздың соры! Көзі жабық, көкірегі сөнген әйелден бала болғанымен шала болады! Ұрпақ тәрбиелейтін әйел! Үйінен шықпайтын, жұртпен аралас-құраласы жоқ, қараңғы әйелдің баласы да сондай болады. Еркек қана еңбек қылатын заман емес. Қолдан келсе екіжақтау керек. Ал мәҺір сұрап бір саты жеке дара байып алғысы келетін жас қыздарда бір грамм сезім жоқ! Олар есеп қуып байға шыққандар! Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ме?!, – деп жазды ол.
Көпшілік блогердің бұл жазбасына жаппай қолдау көрсеткен. Олар:
«Дұрыс айтасыз, мәҺір сұрауды кейіннен шығарды, бұрын ондай болмайтын», «Бір айтатын адам табылды-ау әйтеуір», «Қайдам ешнәрсе сұрамай-ақ, айлығы төмен жігітке, кредитіне қарамай тұрмысқа шықтым. Кредитке одан сайын кіріп кетпесің деп, той да, қалыңмал да сұрамадым. Бақытты болып өмір сүріп жатырмыз», «Ай, Мөлдіржан, ең өзекті әңгімені қозғадың, жарайсың!!!! МәҺірге әдемі орамал десе де болады-ау», – деп жазды олар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!