Ақтөбеде Qarakesek деген лақап атпен танымал рэпер Омар Амантаев ұсталып, 15 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе қалалық полициясының мәліметінше, жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған.

– Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады. Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.

Сонымен қатар сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!