Фото: жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жастардың ақыл айтуға жақын болғанын жақтырмайтынын жасырмады. 

“Ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Ішінде жап-жас інілеріміз, жап-жас қарындастарымыз бар. Олардың қаншалықты өмір сүріп, қаншалықты ой түйгендерін қайдам бірақ, данышпан адамға ұқсап ақыл айтады. Кейбіреулерінің теріс қылықтары, теріс пайымдары көп. Бұлардың көбеюі халықтың соларды көріп, соны қолдап жатқанының әсері ғой. Өйткені менің өзім желіге жақында бір коучтарға ұқсатып видео жүктеген едім. Оның қаралымы да, таралымы артып кетті. Сәл бір қисайып сөйлеп, хайпқа жақын дүниелер жасасаң, оны халық өзі таратып, өзі танымал етеді екен. Ал рас дүниелерге қызығатындар аз» – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі бір айда қанша тойға баратынын айтып, үнемі халықтың қуанышына ортақтасып жүретінін айтты.

«Шыны керек, бір айда мынанша той деп санап көрмеппін. Оны санамаймын да, есептемеймін де. Халықтың қуанышына ортақтасып барамыз ғой. Кейде қонақ болып барамын. Кейде біреудің өтінішімен, кейде тіпті біреудің көңілі үшін барамын. Біздің қазақ өзі бір қызық халық қой. Қанша істеген жақсылығыңды бір жаңылысқан сәтіңде жуып-шая салады. Содан кейін мәңгі жек көріп кетеді. Кей кездері үлгермейсің, бара алмайтын жағдайға жетесің. Сондай кезде ренжіп жатады. Бірақ барынша ешкімнің көңілін қалдырмай, үлгеруге тырысамын», – деп жауап берді эстрада жұлдызы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!