Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төреәлі көшеге қайыршыға ұқсап шығып, халықтан ақша сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, өнер иесі Арбатта ән айтқанда халық танымаған еді.
“Мейірімді жандарды іздейміз. Қайыршы болып, халықтан ақша сұраймын. Кім маған ақша береді мен соған 50 мың теңге беремін”, – деді эстрада жұлдызы.
Алайда қайыршы кейпіндегі әншіні танымаған жұрт, көпке дейін мән бермеді. Бір қыз ғана “1000 теңгем ғана бар”, – деп қолына ұстатты. Өнер иесі ризашылығын білдіріп, бейтаныс арудан “Таныдыңыз ба?” деп сұрады.
“Актерсыз ба? Еркебұлан Дайыровқа ұқсайды екенсіз. Сіздер камераға түсіріп тұрсыздар ма? Төреғали сияқтысыз. Дәл таптым. Төреғали Төреәлі. Мен сізге емес, қарындастарыңызға жазылғанмын”, – деп жауап берді.
Әнші сөзінде тұрып, қалтасынан 50 мың теңгені шығарып, сыйлап жіберді.
“Мейірімді жандар бар екен. Маған тіркелгеніңізде 20 мың тағы беруші едім”, – деп алғыс айтты әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!