Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі, блогер Дариғаның туған күнін есте қаларлықтай етіп тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында некесіз қызына көлік пен пәтер сыйлаған блогер тағы да елді шулатты.

Ол әйеліне елде болмаған той жасап беріп, қызу талқыға түсті. Жарына құны 150 миллион теңге тұратын көліктен бөлек, туған күн кешін ұйымдастырды. Отандық шоу-бизнес жұлдыздарынан бөлек, Ресейден танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров та келді. 

“Ес жиып алайық, содан кейін бәрін саламыз. Бүкіл бренд сыйлыққа келді. 1 миллион теңгедей ақшалай сыйлық жиналыпты. Ат салысқан достарыма мың алғыс! Даридың өзіне де қатты ұнады. Сыйлықтарды кейін көрсетеміз”, – деді Дархан Жолшыбеков.

Сондай-ақ туған күн иесі үшін құны 20 млн теңгенің торты әзірленген. Оның ұзындығы 2 метрге жуықтайды. Ертегідегі сарай сынды тәтті бәліштің қақ ортасында блогердің лақап аты «DARICORN» деген жазуды байқауға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!