Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде халық сынына ұшырап, билеген видеосы үшін «айыппұл» арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Нұрболат Абдуллин өзіне «айыппұл» салынғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Соңғы видеоға айыппұл келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр» , – деп жазды әнші.

Өнер иесі желіде жариялаған видеосы үшін келіншегіне 300 мың теңге «айыппұл» төлеген. Абдуллин ақша аударғанын дәлелдеу үшін тіпті банк қосымшасының түбіртегін де жариялап қойған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!