Фото: бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түрік дәрігерлер бұрынғы айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін деген тұжырым жасаған.

Ол денсаулығын тексертіп жүргенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Менде қатерлі ісік бар деген күдік болған. Биопсияға тапсырып, бәрі таза шықты. Бүгін менің асқазанымды тексереді. Қазір мені наркозға дайындап жатыр», – деді Тұрсынбаева.

47 жастағы бұрынғы айтыс жұлдызы Айнұр Тұрсынбаева көптен бері Түркия мемлекетінде тұрып жатыр. Ол қазір қыз-келіншектер арасында коуч ретінде танымал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!