Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова екі қызының тұсаукесер тойын жасады, – деп жазды Аikyn.kz.
Олардың отбасылық қуанышына танымал өнер жұлдыздары мен достары, туыстары қатысқан.
Әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнін орындап, сәбилерге ақ жол тілесе, Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай тұсауын кесті.
Әлеуметтік желі қолданушылары танымал отбасыны қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жазып жатыр.
«Қадамдары құтты болсын!», «Айсәуле мен Ашадай парасатты болсын!», «Құлыншақтар көрікті де ақылды болып өссін!», «Тұсау кесетін адамды алыстан іздемей, жақын адамдарын таңдапты, дұрыс жасаған», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жақында кәсіпкер мен продюсердің қос қызы бір жасқа толды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!