Танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұхбатта жасаған мәлімдемелеріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі балаларымен қарым-қатынасын үзбегенін айтады.

“Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!”, – деп жазған Қабатов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!