Анеля Кенжебекова есімді Instagram-да 1,5 миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогер жақында өміріндегі қызықты оқиғасын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, ол бала кезінен алдына нақты мақсат қоя білетін, табысқа ұмтылған қыз болып өскен. Алматыдағы қарапайым Тастақ ауданында тұрған бойжеткен оқуда озат болып, анасынан үлкен қолдау мен мотивация алыпты.

«Мен 18 жасқа дейін ата-анамның ауқатты екенін мүлдем білмедім. Үйде жалғыз қыз болғандықтан, ерке болып кетпесін деп, олар өз жағдайын жасырған екен. Тек мектепті аяқтап, кәмелет жасқа толғанда ғана біз Тастақтан үлкен үйге көшіп, ата-анамның шын мәнінде бай екенін сонда түсіндім», – дейді блогер.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға әртүрлі пікір білдірді. Бірі таңғалып, сенбей жатса, енді бірі әзілге айналдырды.

«Тура үнді сериалы ғой», «Мен 23 жастамын, бірақ ата-анам әлі бай екенін айтқан жоқ», «Мамамнан сұрап көру керек сияқты, біз шынымен кедейміз бе екен», «Сценарий нағыз киноға лайық екен», «Әлде дорамаларды тым көп көріп қойған ба?!», – деп жазды олар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!