Фото: жеке мұрағатынан
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бойдақ кезін есіне алып, ел алдында жүрген сәттерін сағынатынын жеткізді.
“Бір кездері мен көп жұмыс істеп, талай ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?”, – деп оқырманына ой тастады.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, дәл қазіргі бақытты сәтін бөлісіп жатыр.
“Қашан сен сияқты, еркелеп жүрер екенмін”, “Бақытты екеніңді сезіну қандай жақсы?!”, “Нағыз бақыт – отбасымызбен түгел отырып, таңғы ас ішу”, “Жақын адамдарымның жанымда болуын тілеймін”, – деп жазды оқырман қауым.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!