SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі — Қайрат Айдарбековтің 60 жасқа толған тойына қатысты желідегі пікірлерге жауап берді.

Қоғамда келіні Жұлдыз Әбдікәрімова тойда жоқ деген сыни жазбалар көпталқыланып жатты: «келін мен оның ата-анасы көрінбеген», «10 жыл бойы үйде отырғызылған» секілді айыптаулар айтылды.

Гүлзира ханым оқырмандардың сұрақтарына ашық әрі сыпайы жауап қайтарды. Ол келінін «ашық белсенді емес» деп кінәлауға болмайтынын, ешкім адамды мәжбүрлеп тойға апара алмайтынын айтты. Сондай-ақ продюсер үй шаруасын өзіне артып қоймағанын, қажеттіні көмекшілерге сеніп қойғанын атап өтті.

«Инстаға шықпаса, оны аяқ-қолын кісендеп отырғызып қойыпты деп ойламаңыздар. Біреудің отбасына қадалып қандай пайда? Менің келіндерімнің өмірі сіздер білмеген жүз мың басқа істерге толы», — деді Гүлзира.

Оның сөзіне қарағанда, бұл — жеке отбасылық мәселе, оны әлеуметтік желідегі спекуляцияға айналдыруға болмайды. Продюсер сондай-ақ адамдардан тым қатты сыңайсыз пікір жазбауды сұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!