SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ердос Қанаев «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, балалық шағы туралы сыр шертті.

Әнші мектеп қабырғасынан өнерге жақын болғанын айтты. Сөзінше, сыныптастары Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбеков үшеуі мектепте трио құрған.

«Біз Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков бір сыныпта оқыдық. Мектепте марқұм Аманжол мен Шара деген ұстаздарымыз болды. Сол кісілер мықты болды. Біздің бойымыздағы қабілетімізді байқап, бағалай білді. Аудандық жарыстар көп болды. 

Әр ауылдан мықты өнерпаздар баратын. Біздің ауылдың атынан жарыстарға үшеуміз баратынбыз. Мектепте де үшеуміз трио болдық. Асқар екеуміз домбырада, Еркін баянда ойнайтын. Солай кіші кезімізден өнерге жақын болдық», – деді өнер иесі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!