Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде қысқа киім киген суретін жариялап, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Көпшілік оның киімі көпбалалы анаға сай келмейтінін айтқан.

«Киіміңізді ұзартсаңызшы, төрт баланы дүниеге әкелдіңіз ғой» , «Ұят деген болу керек, қарапайымдылық қайда?», «Мұндай қысқа киімді киюге ар-ұятыңыз қалай жетеді?»   – деп жазды желі қолданушылары.

Актриса оқырмандарына жауап берді. Ол киіну еркіндігіне шектеу болмауы тиіс екенін атап өтті. 

«Адамның ар-ожданы киіммен өлшенеді деген өкінішті. Мен – төрт баланың анасымын. Бірақ бұл маған үкім шығарып, өзімді шектеу деген сөз емес. Өзіме үкім шығармаймын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!